Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

«Облыстық «Ивушка» балалар туберкулез  санаторийі» ММ-сі  Деркөл өзені бойында, климаты қолайлы, ауасы таза, жасыл желек орман алқабында орналасқан. Профилактикалық ем-шара алуға барлық жағдай жасалынған. Санаторийде бірінші және жоғары санатты мамандармен қамтылған, қазіргі заман талабына сай кабинеттермен жабдықтандырылған. Облыстық балалар туберкулез санаторийі мамандандырылған облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік мекемесі балаларға туберкулезге қарсы көмекті жүзеге асырады және ұйымдастырады, алдын-алу және емдеу кешенін жүргізеді. Мақсаты: «туберкулез микобактериясының жұғуы, алғаш рет анықталған» балаларға химиопрофилактикалық ем медицина қызметкерлерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі. Туберкулез ошақтарынан балаларды оқшаулау; ДОТС бағдарламасы бойынша қолдау сатысында химиопрофилактикалық ем жалғастырылады. 

«Ивушка» санаторийі 1936 жылдан бастап балаларға туберкулезге қарсы жұмыстануға негізделген. Стационар 100 кереуетке арналған. Балалар 4 жастан 15 жасқа (қоса) дейін қамтылған. Жыл сайын санаторийде 320-ға жуық балалар барлық аудандардан демалып, денсаулықтарын нығайтады. Химиопрофилактика курсының ұзақтығы 6 ай. Оқуды үзбей жалғастыру үшін 9 жылдық шағын жинақталған мектебінде мемлекеттік және орыс тілдерінде сабақ жүргізіледі. Санаторий физио кабинетімен, клиникалық  зертханамен, тіс дәрігері кабинетімен, асханамен, моншамен, кір жуатын орынмен қамтылған. Екі қабатты жаңа мектепте барлық жағдай жасалынған: жарық және кең сыныптар, күн сәулесі түсетін үлкен терезелермен, информатика кабинеті, еңбек кабинеті, акт залы, спорт залы, “Қуан сәби” бұрышы,” Жас ұрпақ” кабинеті  орналасқан. Физиокабинеті жаңа техникамен қамтылған, УВЧ, гальванизатор, небулайзеры, УГН, соллюкс, электрофорез, кварц. Массаж жасалады. Зертханада әр ай сайын балаларға толық анализден зертханалық талдау жүргізіледі. Қазіргі заманға сай соңғы үлгімен жабдықталған тіс кабинеті санитарлық талапқа сай тісті емдеу және тіс жегінің алдын-алу шараларын жүргізеді. Балалардың денсаулығын нығайту аурудың алдын-алу мақсатында құнарлы тамақтану, дәрумендер, ауамен шынықтыру, сумен құю жүргізіледі.