Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Дүниежүзілік экономикалық форум (бұдан әрі – ДЭФ) жыл сайын ұлттық экономика рейтингісін жүргізетінін және Елдің жаһандық бәсекелестікке қабілеттілігі туралы есеп дайындайтынын хабарлайды.
Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ЖБИ) 119 көрсеткіштен, оның ішінде «Денсаулық» бөлімі бойынша қалыптастырылады. Бұл ретте, көрсеткіштердің бір бөлігі статистикалық деректердің нәтижелері бойынша, оның ішінде «Денсаулық» бөлімі бойынша – еліміздің орта және ірі кәсіпорындарының басшыларына анонимді сауалнама жүргізу арқыды есептеледі.
«Денсаулық» бөліміндегі маңыздылардың бірі «Сіздің пікіріңіз бойынша соңғы бес жылда төменде келтірілген: туберкулез, АИТВ/ЖИТС аурулары Сіздің компанияңызға қаншалықты әсер етуі мүмкін?» деген сұрақ болып табылады.
Бизнес өкілдері сауалнама кезінде жұмыс бастылыққа және туберкулез, АИТВ/ЖИТС мәселелері бйоынша хабардар болуының жеткіліксіздігіне байланысты тиісті жауап беруге қиналады.
 2014 жылы үкіметтік емес ұйымдар туберкулездің, АИТВ/ЖИТС-тың бизнес-құрылымға ықпал ету туралы әлеуметтік сауалнама жүргізді.
 Сауалнама нәтижелері экономика, металлургия өнеркәсібі, сондай-ақ, шағын бизнес саласының өкілдері анағұрлым хабардар екендерін көрсетті.
 Қаржы саласының, қызмет көрсету, мұнай газ өнеркәсібінің және қаржы саласы қызметкерлерінің хабардарлығы төмен болды.
 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туберкулезді және АИТВ/ЖИТС-ты бақылау Қазақстанда басым бағыт болып табылады және денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы №597 қаулысымен Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестің 2014 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.
Денсаулық сақтау мәселелеріне анағұрлым жауапты ықпал ету мақсатында бизнес құрылым өкілдерін «Денсаулық» бөлімі бойынша ДЭФ сауалнамасымен тұрақты хабардар етуді орынды деп санаймыз.
Айтылғанға сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  «Қазақстанда туберкулез бизнесті дамыту үшін қауіп төндірмейді!», «Қазақстан АИТВ-инфекциясысыз!» атты қысқаша жадынамаларды әзірледі.
Сізден аталған жадынамаларды оның ішінде Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының және кәсіпкерлердің веб-сайты арқылы орта және ірі бизнес, кәсіпорындар басшылары арасында атауы тарату мүмкіндігін қарауды сұраймыз.