Халықтың достығы – халықтың бірлігі

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, санаторийімізде «Халықтың достығы – халықтың бірлігі» атты мерекелік шара өткізілді. Қазақстан – түрлі ұлттың мекені. Достығы мен бірлігі жарасқан мемлекетімізде дін мен ұлтқа бөлінушілік жоқ, қазақ пен орыс, ұйғыр мен беларусь бірге өскен тату елде өмір сүріп жатырған ұрпақпыз. Осындай татулық пен бірлікті, ынтымақ пен ауызбіршілікті, ұлттар достастығын көрсету мақсатында өткен шараға қатысқан санаторий тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті.