Cанаторийде мерекелік шаралар өткізілді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Ұлы Отан соғысы жеңісіне 72 жыл толуына байланысты санаторийде мерекелік шаралар өткізілді. 7 мамыр мерекесіне байланысты «Ел қорғаны – қарулы күштер» әскери-патриоттық шарасында оқушылар Отан қорғаушылар роліне еніп, олар туралы мәліметтермен таныстырды. 9 мамыр мерекелік шарасына санаторийге тыл ардагері Гайсин Хамидолла Гайсинович қонаққа келіп, балаларға өз әңгімесін айтып, концерттік бағдарламаны тамашалады.