«Отбасы – аялы алақан мекені»

15 мамыр біздің Республикамызда Отбасы күнін атап өтеді. Отбасы құндылықтарын дәріптеу, әке мен ананың ролін арттыру, баланың бақытты балалық шағына көңіл аударуға көмектесетін бұл мерекеде біздің санаторий мен отбасылар арасындағы байланыс тағы да бір бірлікке нығая түсті. Санаторийде «Отбасы – аялы алақан мекені» атты мерекелік шара өтті. Сайысқа түскен отбасыларға номинациялар беріліп, санаторийдің белсенді оқушылары мен ата-аналары марапатталды.