«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

Облыстық «Ивушка» балалар туберкулез санаторийі жанындағы шағын жинақталған мектеп оқушылары тағы бір оқу жылын артқа тастап, соңғы қоңырау мерекесіне арналған мерекелік шараны өткізді. Шараны бас дәрігер М.К.Кусаинов құттықтау сөзбен ашып, бастауыш сынып түлектері өз өнерлерін көрсетті. Мереке барысында оқуды үздік және жақсы бағаға аяқтаған оқушылар марапатталып, ата-аналар да санаторий ұжымына деген өз тілектерін жеткізді.