1 маусым – балаларды қорғау күні

Шипажайымызда 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты «Цирк... Цирк? Цирк!» атты көңілді мерекелік шара өтті. Шараға балалардың өздері әрі көрермен ретінде, әрі цирк мүшелері ретінде қатысты. Қолдарына цирк билеттері мен тәтті жүгерілерін алған балаларға сайқымазақтар, үйретілген жануарлар да өнер көрсетті.